Ең алғаш рет иммигранттар туралы rpod-та отырғанда білдім ғой деймін. Қазір нақты есімде жоқ. Сол кезде маған ең қатты әсер еткен "Canadian Leteers" деген сайт. Ол жерде ерлі-зайыптылар 90-шы жылдың соңында Канадаға көшкені туралы жазған. Қазір ол сайтты "блог" деп атар едік. Жазбалары кәдімгі күнделіктегі жазбаға, не жақын адамына жазған хаттарға ұқсайтын. Осы сайтты колледж студенті болған кезімде оқығаным есімде. Енді қазір өмірімізде осындай өзгеріс болып жатқанда осы блогты қайта оқығым келіп көп іздедім.
Сайт мекен жайындағы "canadianletters" дегені ғана есімде қалыпты. Әйтеуір бағыма орай ChatGPT-мен бірігіп жатып тауып алдым. Оған қоса сол кездері иммиграция жасаған бірталай адамдардың жеке сайттары мен блогтары жиналған каталог тәріздес сайтта табылды. Бұл енді мен үшін қазына. Ол жерде берілген сайттардың көбін Wayback Machine арқылы ашуға болады. Сөйтіп алғашқы ой осылай келген.
Мен ұйымдастырған алғашқы рок-концерт. 2008 жыл. Алматы
Кейін Рахим Давлеткалиевтің "Казах в Канаде" деген подкастың тыңдап жүрдім. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Канадаға оқуға түскен студенттің өмірі мен үшін бір ертегі сияқты естілетін. Сол кезде Канадада өмір сүру экспириенсін қатты қаладым. Менің көшкім келмеді, тек сол жерде 2-3 жыл өмір сүріп көргім келді. Бұл колледжде оқып, алғашқы подкаст жасап, рок-конценрттер ұйымдастырған кез еді.
Одан иммиграция туралы ойлағандағы үшінші болып еске түсетіні менің кезіндегі бір әріптесім. Онымен біргі әскерден кейін қызмет еткен компанияда бірге істедік. Мен ол жерде уеб-шебер болдым, ал ол журналист па, редактор ма, сондай. Біз бірге жасаған тв-бағдарламада рубрикасы болды. Ол апта сайын интернетке қатысты бір сюжет жасайтын. Сөйтіп сол бар, тағы да басқа әріптестермен қосылып, қашан көрсең "курилкада" иммиграция туралы әңгімені жіберіп жатады. Негізі қазір ойласам солар ары кетсе бір-екі рет сөйлескен шығар осы тақырыпта. Бірақ әскерде патриотизмге тойып алған мен үшін оның өзі көп болса керек. Талқы сол баяғы Канада туралы. Бірде сөздерін бөліп оларға "Қазақстан ұнамаса мұнда не істеп жүрсіңдер? Кетпейсіңдер ме сол жақа?!" дегендей "әңгіме" айтқаным есімде. Ұят-ай... Біршама кринж жағдай болған сияқты. Сөйтіп не керек уақыты келгенде мен ол компаниядан tumble.kz-ті дамытамын деп кеттім, ал әлгі әріптесім отбасымен Канадаға көшті. Қазірге дейін Инстаграмда суреттері де көрініп тұратын. Сонымен қайта байланысқа шығуға да себеп табылып жатқан сияқты.
"Қаңтан үні" подкастының мұқабасы. 2023 жыл.
Иммиграция туралы төртінші рет ойланғаным "жескі" кетті. 2022 жылы әуежайда қалып қойғанымыз бар, одан кейін Украинадаға соғыс. Осындай оқиғалардан кейін қаласаң да, қаламасаң да қоныс аудару туралы ойланады екенсің... Бірақ ол кезде жай ойландық та қойдық. Ол кезде гринкарта деген не екенінде білмейміз. Жалпы алғанда жағдай жақсарған сияқты көрінді ме, әлде біздің етіміз үйреніп кетті ме...
Мен үшін басқа елге (уақытша болсын) көшу ешқашан бір өмірлік мақсат болмаған. Ал егер гринкарта қалтада тұрса неге барып көрмеске? Шынымды айтсам бұл мәселе туралы қазір не жазарымды да білмеймін. Әзірге жарты жолдамын. Бұйырса жетіп, жайғасып алайын, содан жаза бастаймын.
Қазір қоныс аударуға қызу дайындық жүріп жатыр. Мен бұйырса Лос Анжелес қаласында "appliance repair" деген іспен айналыспақпын. Тіпті сол жақта 7 жылдан астам тұрып жатқан адаммен "бұйырса бір апта шамасында барамын" деп келісіп қойдым. Белорус елінің тумасы бара сала мені жұмысқа аламын деп отыр. "Өзіңмен ешқандай құрал-сайман әкелме. Барлығы осында бар" деді.
Менің басты дайындығым ютубта өтіп жатыр. Кезінде тоқтан істейтін бір шәугіміміз істемей қалғанда бекер лақтырған екенбіз. Соны жөндеу жақсы тәжірибе болар еді. Бірақ менде әзірге оны жасайтын құралдар да жоқ. Ары кетсе "отвертка" мен "плоскогубцы". Неде болса ертеңнен бастап үйдегі барлық техниканы ашып, ақтарып шығамын деп шештім. Қандай да болсын тәжірибе керек.
Ескерту: бұл пост осыдан екі ай бұрын жазылған. Мен қазір АҚШ-тамын.