Менің аты-жөнім – Елдар Құдайбергенов. Мен 2019 жылдан бастап подкастиңмен кәсіби түрде айналысамын. Осы күнге дейін оннан астам жеке подкаст жасап шығардым. 30-дан астам адамдар мен ұйымдарға подкаст жасап көмектестім.
Подкастиң – әмбебап құрал. Ол кез келген маманға немесе ұйымға өз мақсатына жетуге не проблемасын шешуге көмектесе алады. Ал мен сізге сол подкастты бастап, тұрақты түрде жүргізуді үйрете аламын.
Подкаст бастау оңай. Ол үшін аса бір терең білім керек емес. Жалпы подкастиң туралы ақпаратты менің блогымнан және “Подкастиң негіздері” деген тегін онлайн-курстан алсаңыздар болады.