Соңғы жаңарту: 20.11.2023
Қазір не істеп жүрмін?
-
Осы жылдың Тамыз айынан бастап бағдарламалауды меңгеріп жүрмін. Оқу процесі жайында блогымда codingPath тегімен біріктірілген жазбалар жариялап бастадым. Негізгі оқуым The Odin Project жобасында
Foundation, 52%
және Coursera-дағы "English Communication for Tech Professionals" деген курсын қараймын. -
Подкастиң орталығындағы жұмыстар. Жақында сайтын жаңартып, айтылған қызметтер туралы жазып қоямын.
Қазір тыңдап жүрген подкастар
- Қазақстандық подкастар.
- Podcasting 2.0 – Адам Карридің подкастиң туралы подкасты.
- codingPath additional content – жеке блогымдағы codingPath тегіне қатысты қосымша мазмұн.
- Darknet Diaries – True stories from the dark side of the Internet.
Қазір қандай кітап оқып жүрмін?
- "Мастерство", Джордж Леонард,
28%
.
Мен оқи тын кітаптардың көбі қазақ тіліне аударылмаған, ал ағылшын тіліндегісін әзірге терең түсінемін деп айта алмаймын. Сондықтан орыс тілінде оқуға тура келеді… бұл уақытша деп білемін.
“Now page” туралы.