Youtube-тың RSS-арнасы

Елдар Құдайбергенов • 14.03.2024

Кешеден бастап елімізге YouTube Premium келді. Біз оны бірден қосып алдық. Қазір ютубтан көріп, үйреніп жүрген нәрселер баршылық. Өткізіп жіберуге болмайтын жарнама - шаршатты. Енді бұл мәселе шешілді.

Ендігі бір мәселе бұл ютубтың rabbit hole-ға батыратын функциясы: related videos немесе recommendations. Қолданушы видео көріп отырғанда, оның төменінде немесе оң жағында сол видеоның тақырыбына ұқсас, қолданушыға ұнайды-ау деген бірнеше видеоларды ұсыну. Бұл негізінен қолданушыны өз платформасында ұзағырақ ұстау үшін жасалған қадам. YouTube-тың табысы қолданушылардың сол жерде өткізген уақытыңың ұзақтығына да байланысты. Сондықтан олар осындай функцияны жасап, оны дамытып отыруға мәжбүр деуге де болады. Олай істемесе өспейді. Өспесе өледі. Ал кімнің өлгісі келелі? Сондықтан ютуб қолданушыға мейлінше пайдалы, қызықты видеоны ұсынуға тырысады. Ал сіздің уақытыңыз босқа кетіп жатқанында оның шаруасы жоқ. Шынын айту керек, кейде ютубтың recommendation'ы пайдалы болса да, көбіне бұл уақыт жауы.

YouTube-ті мүлде көрмеу әзірге мүмкін емес, бірақ біз бұл процессті барынша айқындап тазалай аламыз.

  1. Ыңғайы келсе YouTube Premium алу.

  2. Броузерге "youtube distraction free extension" санатындағы қосымшаларды орнату. Олар ютубты броузерде қарағанда керек еместің бәрін өшіреді.

  3. Ютуб-арналарға қолданба арқылы емес, RSS-арна арқылы жазылу:

    1. Ютуб-арнаның бетін ашыңыз да CMD + U / CTRL + U деп басасыз. nano
    2. Сол беттің коды ашылады. Енді CMD + F / CTRL + F деп басасыз да, ашылған шағын жолға RSS деп жазып Enter-ді басасыз.
    3. Сонда шамамен мынандай сілтемені көресіз: https://www.youtube.com/feeds/videos.xml?channel_id=UCyRhzaTKcAsaq4JVgHjFfBg - бұл сіз ашқан ютуб-арнаның RSS-арнасы.
    4. RSS-ке жазылу туралы кейін жазамын. Әзірге Feedly-ді қолдана беріңіз.

Ютубте жазылған арналарды ақырындап RSS-ридеріме көшіріп бастадым.

Жалғасы бар...