Подкастиңдегі жаңа қадамдар

Елдар Құдайбергенов • 12.10.2023

2019 жылдан бері кәсіби түрде подкастиңмен айналысамын. 2023 жылдан бастап уеб-бағдарламалауды меңгеруді бастадым. Соңғы кезде подкастиңге уақыт аз болып жүргені рас. Мен саналы түрде подкастарымды жариялауды азайтып, бағдарламалауға көбірек уақыт бөліп жүрмін.

Осыдан бір ай бұрын "Қазақстан подкастиңін қорғап, оны көпшілікке тарату жолында істей алғанымша істедім ғой, енді болар" деген ойға келгенмін. Оған себеп болған QazPodcast-тың "Соңғы жорық" деген эпизодында баяндалған оқиға. Бірақ, Құдай оңдап, психологым қолдап, бұл белестен жаңа бір жол таба алғандаймын.

Қысқасы, осы кезге дейін подкастиң саласында жиған тәжирибемді ысырып тастау қате болар деген шешімге келдім, жалпы подкастерлік ісіме көзқарасымды өзгерткенім дұрыс болады екен. Қазір діттеп отырған бірнеше қадам бар:

Мен осыған дейін подкастиңге қатысты жасаған бірталай қатемді түсініп, түзетуге әрекет етіп жатырмын. Мысалы, бұрын мен подкаст емес нәрселерге көп қарасам, енді назарым қазақстандық подкастар мен подкастерлерде болмақ. Бұрын мен Қазақстан подкастиңіне қатысты көбіне "қорғау", "тарату" деген етістіктерді қолдансам, енді олардың орнын "дамыту" сөзі басады. Осы сөздің арқасында бірталай іске деген көзқарасым өзгерді. Бұл өзгерісті парадигмалық өзгеріс деуге де болатын шығар.

Сілтемелер