Елдар Құдайбергенов фото

Елдар Құдайбергенов

Жеке сайт

Day by day log of my Green card journey

Initially started logging since 23.10.2024

DMV сайтына тіркелдім. Ақысын төлеп (шамамен $50), тестін тапсырып, көлік жүргізу сынағынан өту керек. Барғанда сайтқа жазған мекен-жайда тұратыныңды дәлелдейтін 2-3 хат көрсету керек. Менің осы кезге дейін күтіп жүргенім сол хаттар. Сосын көлік сақтандырылған болуы керек. АҚШ-тың жол жүру ережесін бір сүзіп шықтым: RULES OF THE ROAD - Useful Tips by California DMV.

24.10.2024

Банк аккаунт аштым, бірақ картам келгенде ғана қолдануға болады. Credit card ашу әлі ерте екен, оның орнына Secure card ұсынды. Картама Zelle-ні қостым, алғашқы ақша келіп үлгерді.

Бүгін гринкартам поштама келуі керек. Ертең АҚШ-қа келгеніме 1 ай болады. Осы бөлімді сайтқа жарияладым.

25.10.2024

Түске дейін Panda Express-тің 2 appliance-сын жөндедім. Енді ойдағыдай істеп тұр. Recall болмаса болды. Күндіз гринкартам салынған хат үйге келгені туралы хабарлама келген. Сөйтіп үйге асықтым. Гринкартам АҚШ-қа келгеніме тура бір ай болғанда қолыма түсті. Конвертті ашқан сәтті видеоға түсіріп алдым, кейін ТикТокқа салып қоямын.

Кешке психологыммен жұмысымды бастағанда М. хабарласып мувиңге шақырды. Сессияны тоқтатып сол жақа жылжыдым. Өте қиын клиент екен. Әр 15 минут сайын бізге келіп "New rule!" деп "енді былай істейміз, енді былай" деп қанды ішті. Менің клиентім болмағандықтан қоя салдым. Бұл жұмыстан кейін, бағана тоқтап қалған сессияны жалғастырдым. Ол шамамен үш сағат, өте терең сессия болды. Егер мувиңде әдетте физикалық шаршау болса, психологпен жақсы жұмыс істесем менталды шаршаймын. Содан үйге қайттым.

26.10.2024

Бүгін түске дейін ұйықтадым. Кір жудым. Подкастиң бойынша жұмыс келді. Қазір соны жасайын деп офиске келдім.

27.10.2024

Мувиңде болдым. Кешке ерте жатып ұйықтадым. Шамамен 12 сағаттай ұйықтадым. Негізі мувиң қатты шаршатады.

28.10.2024

Тұрып жатқан жерден шығатын болдым. Ақырындап жаңа жерге көшіп жатырмын. Кафедегі газды каллибровка жасап келдім: шамамен 250℉ болған, енді 350℉ шамасында. Appliance Repair бойынша оқуымды бастадым.

31.10.2024

ТикТок бастадым: https://tiktok.com/@yeldarka

02.11.2024

Келе салғанда жалдаған пәтерден шықтам. Қазір басқа жерде тұрып жатырмын. Басты жұмысыма қосымша тағы бір жұмыс қостым. Әзірге табысы мәз емес. Тамақ жеткізумен айналысып жүргеніме бүгін 3 күн болды.

ТикТокқа 3 маска ойлап таптым.

03.11.2024

Бүгін тек тамақ жеткізумен айналыстым. Мақсат: күніне 100 - 200 АҚШ долларын табу, әзірге 58.

04.11.2024

Бүгін де "жеткізуге" шықтым, табыс - нөл. Неге екені құпия.

ТикТокқа видео жариялап жүрмін.

Ұйқы тақырыбы осы жерде де мәселе болып тұр. Қазір түңгі үш.

05.11.2024

8 сағат тамақ жеткізуде жүрдім.

Ертең техник болып жұмыс істеймін. Қатарынан екі жұмыс шығып тұр.

Бір жұмысқа диагностика жасадым, ал екіншісі өзі істеп алғанын айтып, біздің қызметтен бас тартты.

06.11.2024

Трамп тағы да АҚШ Президенті болып сайланды. Бұл кісінің сайланғаны бізге (гринкартасын алып алғандарға) еш әсер етпейдіміс. Окей.

Техник бойынша бір диагностика болды. Тамақ жеткіздім тағы. Ертеңгі күн шамамен осылай өтпекші.

09.11.2024

Техник болып үш жұмысқа шығып қайттым.

10.11.2024

Ертең "Veterans Day" деген мереке.

16.11.2024

Ертеңгісін техник болып бір жұмыс істеп келдім. Түстен кейін мувиңде болдым.

Америка түсініктірек болып келе жатыр. Соңғы үш күн бойы техник болып 5-6 жұмыс істедім.

18.11.2024

Driver License тестін бірден тапсыра алмадым, California Driver's Handbook-гын бір оқып шықпасам болмайтын сияқты.

Жұмыста 1 реколл, 1 oven болды.

Кешке психологыммен екі жарым сағат сөйлестім. Осы жолы ұйқы мәселесі шешілген сияқты.

19.11.2024

Әке-шешемнің қосылғанына 51 жыл болды. Хабарласып құттықтап қойдым.

26.11.2024

Бүгін Айғаным 4 жасқа толды ❤️ Туған күнің қүтты болсын, қызым 😘 Біз сені жақсы көреміз 🥰

28.11.2024

Бүгін Thanksgiving. Құтты болсын. Осы жақа келгелі бүгін бірінші рет жалғызсырадым.

Роза мен Айғаным бұйырса 12-ші желтоқсанда ұшып келеді. Airbnb-ден екі бөлмелі пәтердің бір бөлмесін $2322 жалдап қойдым (27 күн * $86). 50% алдын ала төлеу керек, қалған 50% үйге кіргенде, депозит жоқ.

29.11.2024

Бүгін appliance бойынша жұмыс келмегеніне 5 күн. Warning sign!

Black Friday-ге орай бір жылға Codecademy Pro сатып алдым.

Кешке азық-түлік жеткізуге шықтым. Аккаунтым Platinum деңгейіне жетті :D бұл әрине әдемі, бірақ... жалпы табыс сағатына ~$10 🚴🏻‍♂️


ГринкартаDay by day