Git кітап жазу құралы бола алады… екен

Елдар Құдайбергенов • 01.11.2023

Бұрыннан бері ойлап жүрген бір іс ол подкастиң туралы кітап жазу. Осы ойымды іске асыру үшін биыл нақты қадамдар жасап бастадым. Ең алдымен Git бойынша кіріспе курстан өттім. Сосын GitHub-та сол кітапқа арнап private репозиторий аштым. Енді кітапқа қатысты барлығын сол жерге жазып, жүктеп жүрмін.

Git туралы курсты оқып бастағанда мен ол тек қана бағдарламашыларға арналған құрал екен деп ойлағанмын. Сосын түсінгенімдей Git-ті кез келген адам өз қажетіне байланысты бейімдей алады екен. Гитхабта кітап жазудың қандай жақсы жақтары бар?

Ең алдымен Git-ке жазып, сақтаған нәрсе өзіңіз қазып жүріп өшірмесеңіз кездейсоқ, "өзінен өзі" өшпейді. Бұл Git-тің ең басты қасиеттеріңін бірі: ол жерге жазылған нәрсе жобаның тарихында сақталып тұрады.

Мен Git-ті GitHub-пен бірге қолданамын, сондықтан кітабымды кез келген құрылғыдан жазуға мүмкіндік бар. GitHub-тың телефонға арналған қолданбасы бар, оған қоса телефонның броузерінен кіріп жаза беруге болады.

Кітап беттері .md пішімінде жазылады. Мәтіндер басында README.md файлында жазылады да, кейін әр тарау жаңа файл болып бөлініп шығады.

Кітапты күніге жазуға тырысамын (қиын). Жазып болған соң бәрін сақтап, коммит жасап отырамын.

Болашақта кітапты редактор, корректорлар қарағанда да өте ыңғайлы болады деп ойлаймын.