Бағдарламалау тілінің құжаттамасын оқу

Елдар Құдайбергенов • 02.03.2024

Ең алдымен оқығым келген нәрсеге қатысты құжаттаманың ең соңғы нұсқасын табамын және содан кейін ғана оқып бастаймын. Менің ағылшын деңгейім жетерліктей жақсы болғандықтан мен көп нәрсені бірден түсінемін. Ал егер түсінбей жатсам, білмей жатсам, барып ChatGPT-ден сұраймын. "Бұл қалай? Бұл не? Мынаны қалай түсінуге болады?" деген сияқты сұрақтарды, ағылшын немесе орыс тілінде қоямын (өйткені ол әлі қазақ тілінде жақсы сөйлей алмайды). Тақырыпты толығымен түсінбейінше сұрақтарымды қоя беремін. Осындай бірнеше сұрақтан кейін ChatGPT одан не қажет екенін "түсінеді" де ешбір артық сұрақсыз толық жауап бере бастайды.

Содан кейін мысал келтіруін сұраймын. Мен сұрап жатқан нәрсеге тікелей қатысы жоқ нәрсені түсінбесем, сол жерлерді бөлек түсіндіріп өтуін сұраймын. Содан кейін мен міндетті сұрайтын тағы бір сұрақ "Бұны қай жерде, қалай қолдануға болады?" деген сұрақ. Бұл сұрақтың жауабы менің миымның "Мына оқып жатқан нәрсе маған не үшін керек?" деген сұрағының жауабы.

Жалпы, менің қазіргі түсінігім бойынша, құжаттаманы оқу деген бұл оның ішіндегі нәрселердің бәрін толық жаттап алу деген сөз емес. Бастапқыда құжаттаманы оқу - ол оның іщіндегі дүниені жалпы білу, былай жасауға болатынын, ендігі бір кездескен кезде абдырап қалмай, жалпы түсініктің болуы.

Осылайша қарапайым қағидаларды ұстанып кез келген бағдарламалау тілі бойынша құжаттаманы оқып, бағдарламалауды үйренуге болатын сияқты.

PS. Бұрын "егер гуглдан табуға болатын нәрсе болса, адамнан сұрамаңыз" деген сөз болған. Енді сол "егер ChatGPT-ден білуге болатын нәрсе болса, онда оны адамнан сұрамаңыз" деген қағидаға түрленген сияқты.