Өз бағдарламаларын подкаст деп атағысы келетін, бірақ RSS-пен жұмыс істегісі келмейтін адамдар үшін мен қаншалықты «ыңғайсыз» екенімді іштей түсінемін.
Біз мазмұнды тұтынудың орталықтандырылған жүйесіне үйреніп қалғанымызды да түсінемін. Подкастиңнің қалай жұмыс істейтінін түсіну қиын. «Немене? Бір подкаст бірден 50 қосымшада жарияланады?! Не үшін? YouTube, TikTok бар ғо…» деп.
Оған қоса «подкаст» сөзі қазір трендте екенін де түсінемін. Сондықтан да көпшілік подкаст бастағысы келетіні таңқаларлық емес, әсіресе БАҚ-тар.
Бірақ! Подкастиңнің 20 жылдық тарихы бар. Подкастиң технология ретінде осы күнге дейін сақталып келгені – адамдар технологияны жанрмен шатастырмағанынан. Егер біз қазір сұхбат пен әңгіме жанрын подкаст деп атасақ, «ертең» подкастиң контент тарату технологиясы терінде көпшілікке тарамай қалады. Ол бүкіл әлемде гүлденеді, бірақ Қазақстанда емес. Блогиң сияқты. Бізде екінің бірі блогы жоқ блогер. Instagram, Facebook – бұл әлеуметтік желілердегі аккаунттар, бұл блогтар емес (менің түсінігім бойынша).
Блогиңнің жік-жігін ашып талдау қиын іс. Бірақ подкастиңге келген мүлдем басқа жағдай. Мұнда бәрі анық: аудио/бейне RSS арқылы таратыла ма? Бұл подкаст! RSS жоқ па? Бұл подкаст емес. Болды. Жанрға, форматқа қатысы жоқ.
«Трендті» ұстанып, подкаст жасағыңыз келе ме? Мархабат, подкаст жасаңыз. Қалай екенін білмейсіз бе? Байланысыңыз: мен сізге бәрін айтып беремін, көрсетемін, үйретемін, тіпті барлық жұмысты да сіз үшін жасап беруге дайынмын.
Мысалы, алдыңғы күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы -ның қызметкерлеріне подкастиң негіздері бойынша дәріс оқыдым. Gaziza Kudaybergen -мен желтоқсан айында тағы бір кездесу өткіземіз деп келістік.
Мен подкастиңді жақсы көремін және оның Қазақстанда дұрыс түсінігі таралғанын қалаймын.
Әр қиындық ішінде мүмкіндік жатыр. Маған көпшілікке төтеп беру оңай емес, бірақ бұл күрес маған біраз мүмкіндіктер ашып жатыр. Сондықтан сіз де подкастиңнің «қиындығына» мойымай, оның сізге берер мүмкіндіктерін ойлап қойыңыз.