Ескерту: бұл посттағы "негізгі нысан" деген нәрсе ОББ–дағы main entity-ге еш қатысы жоқ... деуге болады.

Қазіргі таңда ProxyFeed толыққанды жұмыс істеп тұр. Аудиоблогымның RSS-арнасын дәл қазір сол таратып жатыр. Бәрі дерлік ойдағыдай.
Алдыңғы нұсқадан басты айырмашылық — ProxyFeed-тің негізгі нысанын (main entity) анықтадым. Ол — біз пайдаланушыға жасаған жаңа RSS-арна. Яғни, жүйедегі барлық функциялар дәл осы RSS-арна үшін жұмыс істейді. Бұрын өзім үшін бұл анық болмаған сияқты. Енді бұл түсінік бүкіл архитектураны жүйелеуге көмектесті.
Соның нәтижесінде бір үлкен шешім қабылдадым: пайдаланушы бізге ішінде enclosure тэгі бар толыққанды RSS-арна бермесе, тіркеле алмайды. RSS-арнасы жоқ адамға бұл жүйе қажет емес.
Жобаның негізгі нысанын нақтылап алу — өте ыңғайлы екен. Көптеген шешімдерді қабылдау әлдеқайда жеңілдеді. Мысалы, бұрын мен қолданушының бізге қосқан саб-домені мен RSS-арнасын бір деңгейдегі дүние деп қабылдайтынмын. Ал іс жүзінде, бұл екеуі де тек ProxyFeed жасап беретін прокси-RSS-арнаға қызмет етеді екен.