10-шы жазбаны Сәуір айында жариялаппын. Одан бері бірталай өзгеріс болды. Мен тіпті бағдарламалау туралы ағылшын тіліндегі блог бастап, енді оны жаппақ ойым бар. Бірнеше сайт жасағанша осы сайтты бірнеше тілді жасағаным дұрыс болар деп отырмын. Көреміз. Ол блогтың мақсаты бір: менің ағылшын тіліндегі бағдарламашылық портфолиом.
Бағдарламалауды меңгеру жалғасуда. Бірақ бұрынғыға қарағанда әлдеқайда баяу. Өйткені мен шынымен бағдарламалауды жұмысқа тұру үшін емес, өзім үшін үйреніп жүргенімді түсіндім. Бұны бұрын "түсінсем" де, қазір қайта түсініп жүрмін.
Си бағдарламалау тілі мен оқып/үйреніп жүрген тілдердің бастысына айналып үлгерді. Оның жанында Пайтон, сосын Джаваскрип, ал Рубиді жай, білу үшін қарап қоямын.
Жалпы айтарым осымен codingPath
тегімен біріктірілген посттар сериясын жаптым. Енді менің сайтым жай ғана менің сайтым болады, ал мына блог менің жеке күнделігіме айналады. Бағдарламалау туралы жазсам да олар codingPath
-тың бұрынға концепциясы сияқты білім алу жолындағы есеп беру емес, өзімнің ойыммен бөлісу сияқты болады. Мысалы, .kz
домені туралы пост жазып бастап қойдым.
Негізі codingPath
постарын жазуға кеткен уақытта мен сол бағдарламалауды оқыдым деуге болатын шығар.