«Ката» деген ұғым бар екен. Бұл ұғымды бағдарламалауда да қолданады екен, бірақ мен ойлағаннан басқаша екен. Менің ойымда былай: неге күнде оқуды бастар алдында 5-10 минут үйреніп жатқан нәрселерге қатысты ката жасамасқа деп ойладымда, бастап кеттім. Әрине бұл ката әлі сан алуан түрленеді. Әзірге git terminal-ға ғана қатысты болады. Кейін үйреніп жатқан технологиялар мен тілдерді де қоспақпын. Осылай жасау «ката» ұғымын бірінші рет кездескенде келген, оған соңғы бір оқыған мәтінде «The learning comes through doing.» деген сөз қосылғанда ойлағаным тірі идея болып көрінді. Мақсат ката жаттығуын көзді жұмып жасай алатындай деңгейге жету; операцияларды іздеп отырмай, аутоматты түрде істей беру. Бұл қарамай мәтін тергенге өте ұқсайды.
Соңғы кезде Learning by doing деген концепция өте ұнап жүр.
Алдыңғы постта аңғарған қатынас пен сол күні дедлейннан алған еркіндік маған бағдарламалауды өз байыбымда оқуыма мұрсат беріп, мен бағдарламалаудағы шеберлік жолына түсіп жатқандаймын. Бұрын бейсаналы мақсатыма байланысты мен тақырыпты тез-тез өтіп, кітапты тезірек тауысуға асықсам, енді тақырыпты түсіне алғанымша түсініп, меңгергім келеді.