Астана мен Алматыда подкаст-студиялары ашылып жатыр. Әзірге «дыбысты керемет жазатыны бар» деп айта алмаймын. Клиенттерім редактураға жіберген аудиоларынан сапасын анық естіп жүрмін. Подкаст-студиялар аудио сапасына неге көп мән бермейді деп сұрасаңыз менің бір ойым бар:
Өйткені ол студиялар көбіне видео түсіруге бағытталған, сондықтан аудио екінші орында қалатын сияқты. Оларды да түсінуге болады. Қазақстанда тек аудиомен айналысатын студиялар алысқа бармайды екен. Оны 2021 жылы тек аудиоподкастиңмен айналысатын подкаст-студия ашқанда түсіндім. Өкінішке орай ол студияны сол жылы жабуға тура келді.
Көпшіліктің сұрайтыны видео. Адамдар көбінесе көретіні ютубтағы «подкаст» болғандықтан, олар да сол жерде «подкаст» бастағылары келеді. Подкастиң әңгімелесу жанры емес, технология екенін білмегендіктен шығар. Әрине кез келген медианы «подкаст» деп атай салса, ол подкастқа айналып кетпейді. Бейне немесе аудионы подкаст қылу үшін RSS-арна жасау керек. Бұл жерде RSS-арна жасау студияның жұмысы ма, жоқ подкастердің жауапкершілігі ме, әлі талқыланатын мәселе.
Сондықтан қазақстандық аудиомен ғана айналысатын подкаст-студия Қазақстан нарығымен ғана шектелмуі керек екен. Бірден халықаралық деңгейге шығуды ойластырған жөн. Әлемдік подкаст нарықта жұмыс істеу өте тиымды. Мысалы, бір сағаттық сұқбатты редакциялау орташа есеппен 300-400 АҚШ доллары шамасында.
Әлемдік подкаст нарығына шығу тек подкаст-студияларға ғана қатысты емес, қазақстандық кез келген подкастер ағылшын тілінде сапалы контент жасаса өз аудиториясын табады, ал аудитория табыс әкеледі.
Подкастыңызды студияда жазғанда, сол студия жазатын аудионың сапасына мән беріңіз. Әдемі декорация, орналасу орны деген сынды нәрселер әрине жақсы, бірақ, әдетте подкастиңде аудио бірінші орында.