YouTube-тен подкаст жасау нұсқаулығы

Кез келген ютуб-арнадан подкаст жасау оңай. Ол үшін RSS-арна жасасаңыз жеткілікті. Ал RSS-арнаны жасауға керек нәрселер сіздің ютубыңызда қазірдің өзінде бар.

  • Ютуб-арнаның атауы → подкастың атауы;
  • Ютуб-арнаның мұқабасы (обложкасы) → подкастың мұқабасы;
  • Ютуб-арнаның сипаттамасы → подкастың сипаттамасы;
  • Ютуб-арнада жарияланған видеолар → подкастың аудио-эпизодтары;

Подкастыңыздың болашақ хостиңін таңдаңыз. Мына тізімдегілер тегін:

Мына нұсқаулық Spreaker.com негізінде жасалған, бірақ басқа да хостиңдерде шамамен осылай тіркеледі. 

Ескерту: подкастыңыздың RSS-арнасын жасау үшін осы нұсқаулықтағы қадамдарды жасаңыз, соның өзі жеткілікті.

  • Ең алдымен Spreaker сайтына тіркелеміз: https://www.spreaker.com/signup
  • Поштаңызға Spreaker-ден “Spreaker email verification” деген хат келеді;
  • Соны ашып, ішіндегі “VERIFY YOUR EMAIL ADDRESS” деген сары батырманы басыңыз;
  • Сосын мына сілтемені басып, “Manage your podcasts” бетіне өтеміз: https://www.spreaker.com/cms/shows
  • “Create a New Podcast” батырмасын басыңыз:
  • “Create Podcast” деген бет ашылады;
  • Осы бетте келесі жолдарды толтырыңыз:
    • * – жұлдызшамен белгіленген жолдарды толтыру міндетті;
    • Title – подкаст атауы;
    • Language – подкаст тілі;
    • Category – подкаст санаты;
    • Picture – подкаст мұқабасы;
    • “Visibility” деген жерде “Public” дегенді таңдаңыздар;
    • Description – подкаст сипаттамасы;
    • Email – өзіңіздің е-поштаңыз;
  • Енде төмендегі сары “CREATE” деген батырманы басыңыз.
    • “Podcast was succesfully created” деген жазу жасыл жолақ болып беттің жоғарғы жағында шығады;
  • Ашылған бетте “UPLOAD EPISODES” деген сары батырманы басыңыз;
  • Аудио жүктейтін форма ашылады;
  • Ашылған формада подкаст эпизодының аудиосын таңдаңыз;
  • Аудио жүктеледі де, оның атауының жанында қызылмен “Unpublished” деп жазылып тұрады;
  • Эпизод атауы жолағының оң жағындағы қалам белгісін басыңыз:
  • Ашылған бетте эпизодқа қатысты ақпаратты жазу керек;
    • * – жұлдызшамен белгіленген жолдарды толтыру міндетті;
    • Мен көрсеткен жолдарды толтыру жеткілікті;
    • Title –  эпизод атауы;
    • Description – эпизод сипаттамасы;
    • Төмендегі сары “PUBLISH NOW” басыңыз. Егер қандайда бір ескерту шықса, “YES, PUBLISH” деген сұр батырманы баса салыңыз;
    • Ашылған беттің жоғарғы жағында “Episode was succesfully published” деген жасыл жолақ пайда болады;
    • Осымен сіздің подкастыңыздың бірінші эпизоды жарияланды. Подкастың басқа эпизодтары да осылай жарияланады;
  • “Үркер” сыйлығының талабына сәйкес, подкастың барлық эпизодтары подкаст-хостиңде жарияланған болуы керек.
  • Подкастың эпизодтарын жариялап болғанда оның RSS-арнасы дайын болады. Оны табу үшін “Dashboard” деген бөлімде “RSS settings” деген сілтемені ашамыз:
    • “RSS settings” бетінде “RSS URL” деген сілтемені көресіз. Сіздің подкастыңыздың RSS-арнасы осы:

“Үркер” сыйлығына қатысу үшін осы қадамдар жеткілікті. Егер подкастыңызды ары қарай таратамын десеңіз оны Apple Podcasts, Google Podcasts сынды тұғырларға жариялауға болады. Оның нұсқаулығы мына беттерде жазылған:

Жазылғанның бәрін бір рет орындағаннан кейін, сіз жаңа эпизодтарды жариялап отырсаңыз болды. Подкастың RSS-арнасын жасау және подкастты тұғырларға тарату тек бір рет жасалады.

Аудиторияңызға подкасты қалай және қай жерде тыңдау керегін көрсету артық болмайды 😉

Қосымша: