Тегін подкаст-хостиңдер

Негізі әркім подкастын жектынан таратқаны жөн, десек те ондай мүмкіндік бәрінде бола бермейді. Жеке сайт ашу – подкаст жүргізудің ең қауіпсіз жолы, жалпы тұлғаның интернеттегі еркіндігіне апарар жол. Бірақ бұл ақылы қызмет (аса қымбат еме).

Адамдар жаңадан ғана подкаст бастағанда көбіне оның хостиңіне ақша жұмсағысы келмейді. Соны түсінген кейбір подкаст-хостиңдер өз қызметтерін ақысыз ұсынады. Әрине ол 100% тегін емес, олар былай айтқанда «тегін» . Сіз ай сайын ақша төлемесеңіз де, өзіңіз жайлы, тыңдарманыңыз жайлы ақпаратты солармен бөлісіп отырасыз. Ол ақпарат әдетте жарнама берушілерге сатылады. Көптеген тегін қызметтердің ақысы осындай.

Сонымен қатар келесі подкаст-хостиңдерде подкаст бастасаңыз сіздің RSS-арнаңыздың мекені (сілтемесі) сол қызметтің доменіне «байланады» . Бұл деген қауіптің тағы бір түрі. Егер ертең осы қызметтердің қайсыбірі жабылатын болса, ол қызметпен бірге сіздің RSS-арнаңыз да жойылады. Сөйтіп сіз өз оқырмандарыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін. Подкастты басқа хостиңге көшіруге болады, бірақ бұндай қадамдар әдетте тыңдарманнның едәуір азаюына алып келеді.

Әр тегін подкаст-хостиңнің өзіне тән артықшылығы мен кемшілігі бар. Подкаст-хостиңді барлық жайттарды ескере отыра таңдау керек. Егер подкаст деген нәрсені жәй тестілеп көрем десеңіз, төмендегі хостиңдер идеал деуге болады. Ең бастысы бұл хостиңдер келеді-кетеді, ал жеке сайт әрдайым сіздікі болады, демек ол жерде орналасқан подкаст та сіздікі.

Ақысыз подкаст-хостиңдер

  1. CastBox – бұл қызметті тек қана подкаст тыңдауға арналған қосымша ретінде ғана емес, сонымен қатар подкаст-хостиңі ретінде де қолдануға болады. Толығырақ мына жерде жазылған. Бұл – қытайлық компания. Жақында осы қызметте подкаст бастау туралы «Подкастиң негіздері» онлайн-курсына видео-сабақ қосамын.
  2. Mave.Digital – ресейлік тегін подкаст-хостиң. Украина жерінде соғыс бастаған елдің заңдарын бұлжытпай орындайды. Егер сол елдің басшылығына сіздің подкастыңыз, эпизодыңыз ұнамай қалса, күмәніңіз болмасын, ол подкаст та, эпизод та жойылады. Сізге ол жерден көшіп кетуге уақыт берсе рақмет айтыңыз.
  3. Anchor FM – Spotify компаниясына тиесілі подкаст-хостиң. Статистикасы нашар. Өзі подкаст-хостиңі бола тұра RSS-арна дегенді онша ұнатпайды. Менің естуімше Anchor-да орналасқан подкаст эпизодтары Spotify-ға RSS-арнасыз барады. Мұндай процесті подкастиң деп атау – нонсенс. Anchor FM ыңғайы келсе RSS-арнадан арылғысы келеді-ақ, бірақ әзірге ондай қадамдарынан мардымды ештеңе шыға қоймады. Оған қоса ресейліктер бұл хостиңде жарияланған подкасттарды тыңдай алмайды. Соғыс басталғалы Anchor өзін-өзі ресейден бұғаттады. Енді VPN-сіз ол елден ешкім подкаст эпизодын жариялай алмайды да, тыңдай алмайды да.

Сіздің таңдауыңыз қандай?

2 thoughts on “Тегін подкаст-хостиңдер

  1. Pingback: 21 – Тәуелсіздік технологиясы – Қазақстандық подкасттар

  2. Pingback: Как сделать из ютуба подкаст, создав RSS-канал

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған