Бұл сұраққа жауап беру үшін бізге подкастиңді түсіндіретін бірнеше түсінік пен процесті анықтап алу керек.
Көп адам подкастиң 2004 жылы пайда болды деп есептейді. Бірақ подкастиң 2001 жылдың басында пайда болғанының дәлелі бар. Дэйв Уайнердің сол жылы жазған мына постын оқып көріңіз. Осы постта сипатталған <enclosure>
тэгі бар RSS-арна арқылы аудионы интернетте тарату процесі кейін подкастиң деген технологияның негізін қалаған.
Егер RSS-арнаның ішінде <enclosure>
тэгі болмаса, демек, ол подкастиңге қатысы жоқ. Десек те, RSS-арна тек мәтіннен құралады, оның ішінде файлдың өзі емес, соны ашатын сілтеме ғана болады. Дэйв Уайнер RSS-арнаға <enclosure>
тэгін қосқан сәттен бастап RSS-арна арқылы кез келген пішіндегі файл таратуға болады. Бұл тек аудио немесе бейне туралы ғана емес, ол фотосуреттер, PDF немесе Excel болуы да мүмкін. Енді осыған орай RSS-арна арқылы .doc пішініндегі файлдарды таратуды подкастиң деу орынсыз сияқты, сондықтан мен тек аудио мен бейнені қалдырдым.
Подкасттың эпизоды подкаст деп аталмайды, ол – эпизод. Бір эпизод қана жарияланған подкаст болуы әбден мүмкін, бірақ әдетте ол бірнеше эпизодтан құралады.
RSS-арнаның да неше түрі болады, мысалы: ашық және жабық. Жабық RSS-арнаны кез келген адам аша алмайды. Оны ашу үшін авторизациядан өтуі қажет. Менің ойымша, RSS-арна ашық болмаса, ол барлық адамға қолжетімді болмаса, біз ол арнаны подкастиңге қатысы бар деп айта алмаймыз. Сондықтан, меніңше, подкастиңге қатысты RSS-арна сонау 2001 жылы Дэйв Уайнер жасаған RSS-арна сияқты ашық болуы керек.
Қорыта келе қазіргі таңда мен ұсынып отырған подкастиңнің анықтамасы мынандай:
Подкастиң – Интернетте аудио немесе бейнефайлдар жинағын ашық RSS-арна арқылы тарату процесі, технология.
Подкастиң – радио, ТВ сияқты контент таратуға арналған құрал. Подкастиңнің ешбір жанр немесе форматқа қатысы жоқ. Әңгімені немесе сұхбатты подкаст деу – қате түсінік. Ендігі жазбаларымда «Подкаст деген не?» сұрағына жауап беремін.