Достар, transcribe.kz-ке қатысты айтып жатқан жылы лебіздеріңізге, маған аудио жіберіп, қолдау білдіріп жатқандарыңызға көп рахмет! Дәл осындай реакция күтпеген едім, шыны керек. Өте қуаныштымын!
Өздеріңізден жобаға қатысты 15-тен астам сұрақ келіп түсті. Әзірге соның бірнешеуіне жауап беріп өтейін.
Ең басты сұрақ – құпиялық туралы. Бірден айтайын, сайтқа салған аудиоларыңызды сайтымыз аудионы мәтінге айналдыру үшін қолданады, болды. Транскрипция жасалған соң аудио жойылады. Ал дайын мәтін .docx пішімінде бірден поштаға жөнелтіліп, ол да серверден жойылады.
Екінші мәселе – жобаны автоматтандыру. Сайт жұмысы толығымен автоматтандырылғанда былай болады: сіздер сайтта тіркелген соң, сайтта өз баланстарыңыз болады. Соған өзіңіз қалаған сомада ақша салып қойып, сайт қызметін қолдана бересіздер. Бұл кезде сіздер сайтқа аудионы тікелей жүктеп, дайын мәтінді бірден ала аласыздар.
Сайтты дамыту үшін әрі қарай жұмыс істеймін. Менің бағдарламашы ретінде еңбек жолым енді басталып жатыр деп түсініңіздер! Сіздер осы сайтты көбірек қолданған сайын ол одан әрі дами түседі. Бұл менің IT саласына көбірек ден қойып, ары қарай ізденуіме шабыт береді деп сенемін.
Тағы сұрақтарыңыз болса, мархабат! Міндетті түрде жауап беремін.