2019 жылдан бері кәсіби түрде подкастиңмен айналысамын. 2023 жылдан бастап уеб-бағдарламалауды меңгеруді бастадым. Соңғы кезде подкастиңге уақыт аз болып жүргені рас. Мен саналы түрде подкастарымды жариялауды азайтып, бағдарламалауға көбірек уақыт бөліп жүрмін.
Осыдан бір ай бұрын "Қазақстан подкастиңін қорғап, оны көпшілікке тарату жолында істей алғанымша істедім ғой, енді болар" деген ойға келгенмін. Оған себеп болған QazPodcast-тың "Соңғы жорық" деген эпизодында баяндалған оқиға. Бірақ, Құдай оңдап, психологым қолдап, бұл белестен жаңа бір жол таба алғандаймын.