Skip to main content

One post tagged with "подкаст"

View All Tags

Елдар Құдайбергенов

Кітап туралы подкаст

Өзіме қатты ұнайтын баспа үйімен кітап туралы подкаст бастайын деп жатырмыз. Қазір дайындық қызу жүріп жатыр. Алдында мен іздеген транскрипт жасайтын адам, фотосессия, дизайнер дегеннің бәрі сол жобаға қатысты еді. Бұйырса бұл мен жасаған алғашқы video-first подкаст болады.

Жаңа кітап

Бақытгүл Салыхова мен Әйнел Әмірханның кітабының Астанада презентациясы болды. Бардық, қатыстық, подкастиңді талқыладық (видеосы жақында жарияланатын шығар). Кітапты енді оқи бастадым. Сіздер алдыңыздар ма? Оқыдыңыздар ма? Каспиде сатылады, атауы "атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА": https://kaspi.kz/shop/p/ba-ytg-l-salyhova-inel-m-rhan-aty-shy-pasa-podkast-zhasa-115299433/?c=750000000&sr=1&qid=7b991a3c0b9dc556cb90c149a3abe5b1&ref=shared_link (Мына сілтеме тым ұзын сияқты иә?)

Жап-жаңа кітап

2023-тің аяғында бұрыннан бері қашқақтап жүрген «Подкастер деген кім?» деген сұрақтың жауабын таптым. Әлі толық емес, бірақ негізгі концепциясы нық. Сонымен подкастиңге қатысты 4 сұрақтың (подкастиң, подкаст, подкастер, rss) жауабын тапқан соң, алдынан бері жазғым келіп жүрген кітабымды түрте бастадым. Атауы «Подкастиң: тәуелсіз технология, шексіз контент» болады. Бұл кітап менің болашақта жасайтын ғылыми жұмысымның негізі болады деп отырмын: https://openpodcasting.com

Посттың қысқа сілтемесі: https://k.yeldar.org/B4nPT