Жолдастар, бүгін сіздерге өзімнің жаңа жобамды таныстырғым келіп отыр. Алдымен, сілтемені сақтап алыңыздар:
Сайтқа кіресіз, қазақ тіліндегі аудиоңызды жүктейсіз, біршама уақыттан соң оның дайын мәтіні қолыңызға тиеді. Бұл жобам жазу-сызуға жақын адамдарға, әсіресе, журналистерге өте пайдалы деп ойлаймын. Себебі, тілшілер қауымының сұхбат мәтінін сағаттап тыңдап отырып қағазға түсіретінін көріп те, естіп те жүрмін. Журналистердің, оның ішінде жұбайымның жұмысын жеңілдету үшін осындай дүние жасап жатырмын!
Бірден айтайын, бұл – әзірге бета-нұсқа. Сол себепті, мәтін аудионы сайтқа жүктеген соң бірнеше сағаттан кейін дайын болады. Аудионың бір минутын 33 теңге деп бағаладым. Мысалы, жарты сағат аудиоңыз 990 теңге болады (сайтта калькулятор бар). Сапалы транскрипт үшін 33 теңге көп емес деп ойлаймын. Айтпақшы, транскрипт сапасы жүктелетін аудионың сапасына тікелей байланысты, осыны ескеріңіздер!
Бұл – менің соңғы жеті ай бойы қатысқан “Front-End. Разработка JavaScript React ES6+” курсынан алған білімімнің жемісі. Жобам қазір MVP (minimum viable product) режимінде жұмыс істеп тұр. Мен енді осы сервисті автоматтандырып, жетілдіру үшін жұмыс істеп жүрген жайым бар. Осы бастамамды қолдап, демеп жіберіңіздер!