Әлгінде бір кісімен жұмыс барысында танысып, барымша подкастиңді түсіндіріп отырып, өз болашағым жайында мына бір нәрсені байқадым.
Подкастиң маманның (тіпті кез келген подкаст бастаған адамның) жеке тәуелсіздігіне апарар жолдың басы ғана екен.
- Оқырмандарыңыз сіздің барлық жазбаларыңызды нақты алып отырады және олар сізбен әрдайым байланыста болады. Оның 3 жолы бар: сайтқа тіке кіру арқылы; сайттың RSS-арнасына жазылу арқылы; email-таратылымыңызға жазылу арқылы.
- Егер подкастты жеке сайтыңыздан таратсаңыз, демек ол мазмұн толығымен сіздікі деген сөз. Ешбір корпорация оған ықпал ете алмайды, сізден басқа ешкім оны өшіре алмайды, таралуын шектей алмайды, бұғаттай алмайды (сот шешімінсіз).
- Сіз жеке сайтыңызда тек подкаст қана емес, КЕЗ КЕЛГЕН нәрсе жасай аласыз және оның бәрі сізге тиесілі болады. Блог, фотоальбом, видеохостиң, онлайн-курс платформасы, онлайн дүкен, жеке электрондық пошта, бәрін ашуға болады.
Бұл сол кездесу кезінде басыма бірден келген ойлар. Осы ойларым бойынша іздеу жүйесін ақтарғанда “indieweb” деген қозғалысқа тап болдым. Бұл қозғалыстың ұстанымдары менің жеке ұстанымдарыма өте жақын екен.
Енді ақырындап сол қауымдастықты зерттеп, білмегенім болса үйренемін. Нәтижелерін www.yeldar.org мекеніндегі жеке блогымда жазамын.
Айтпақшы, бұл жазба алдымен сол блогымда жарияланған, содан соң барып әлеуметтік желілерге кросспост жасап отырмын. Indieweb қағидасына 100% сәйкес.
Егер менімен бірге зерттеймін десеңіздер indieweb.org сайтында керекті ақпараттың бәрі жиналған екен.